Журнал

Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы


Журнал құқық қорғау органдарының мәселелерін жан-жақты талқылау және шешу, жаңа заң шығару бастамалары мен жаңалықтары үшін ғылыми және білім беру ақпараттық ортаны қалыптастырудың инновациялық алаңы болып табылады.


Журналдың негізгі мақсаты болып құқық қорғау қызметі саласындағы түбегейлі және қолданбалы зерттеулерді, заң ғылымдарын және халықаралық құқық, сонымен бірге оқырмандарды әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми жасалымдарын енгізумен таныстыру болып табылады.


vestnikacademy.kz
Журнал

Заң және заман


«Заң және заман» журналы 1996 жылдан бастап шығады. Жарияланым тілдері – қазақ, орыс және ағылшын. Екі айда кемінде бір рет шығады.


Журналда құқық қорғау органдары қызметінің, өзге де мемлекеттік органдардың жеке мәселелері бойынша авторлық материалдар (ғылыми зерттеулердің нәтижелері, ғылыми-білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы және инновациялық жетістіктер, практикалық қызмет бойынша талдаулар мен шолулар, құқық қорғау органдарының қызметін жарыққа шығаратын материалдар) жарияланады.


zan-zaman.kz